«Қызыл аймақ». Павлодар облысында локдаун енгізілді - әкім

19 Қаңтар 2021, 10:46
1665
Бөлісу:
«Қызыл аймақ». Павлодар облысында локдаун енгізілді - әкім

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов  Үкіметтің онлайн отырысында баяндады.

Өткен аптада Павлодар облысында коронавирустық инфекцияның 616 жағдайы тіркелді. Аурудың өсімі 5,8 пайызды құрады. Ал өткен тәулікте 150 жағдай тіркелді. 366 байланыста болған адам анықталды. Сондай-ақ, эпидемиологиялық зерттеулер жүргізіліп, жаңа ошақтар оқшауланды. Өңірдің денсаулық сақтау жүйесі штаттық режимде жұмыс істеп жатыр, - деді ол.

Инфекциялық төсектердің жүктемесі 37,7%, қазір 1 635 төсек-орны бар. Резервте тағы да 2000-нан аса орын бар. Бүгінгі күні реанимацияда 20 науқас жатыр. Олардың үшеуі ауыр жағдайда. 

Облыс бойынша 139 мобильді бригада жұмыс істейді. Тәулігіне 2,5 мыңнан астам ПТР зерттеулер жүргізіледі. Жағдай бақылауда. Сонымен қатар, өңірдің «қызыл аймаққа» кіруіне байланысты бірқатар шектеу шаралары күшейтілді. Демалыс күні локдаун енгізілді. Демалыс күндері азық-түлік және азық-түлік емес жабық базарлардың, СОСО, спа орталықтардың, сауна, спорт объектілердің, фитнестердің қызметі жіне қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылды. Қалааралық, ауданаралық автобус, шағын автобус тұрақты жолаушылар тасымалының қозғалысы тоқтатылды, - деп айтты облыс әкімі Үкіметте.

Адамдар көп жиналатын орындарға ерекше назар аудара отырып, күшейтілген режимде 176 мониторингтік топ жұмыс істейді.

Барлық медициналық мекеме толық оқшаулаумен және сырттан келген барлық байланыстарды болдырмаумен тәулік бойғы режимге көшті. Облыс тұрғындарын эпидемиологиялық ахуал туралы үздіксіз ақпараттандыру мақсатында 24/7 режимінде бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді, - деп түйіндеді ол.

Өзгелердің жаңалығы