Жыл басынан бері карантин талабын бұзған 773 дерек тіркелді

19 Қаңтар 2021, 10:39
1329
Бөлісу:
Жыл басынан бері карантин талабын бұзған 773 дерек тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жыл басынан бері 9 мыңнан астам рейдтік іс-шара өткізілді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты.

1 қаңтардан бастап ПТР-анықтамасы жоқ 3 200 азамат карантинге жатқызылды. Соңғы күндері тәулік сайын 150 адамға дейін карантинге жіберіледі. Карантиндік шектеулердің сақталуын бақылау бойынша 1 мыңнан астам мобильді топтың жұмысы жалғасуда. Жыл басынан бері 9 мыңнан астам рейдтік іс-шара өткізілді. Карантиндік бұзушылықтардың 773 фактісі анықталды, олардың 77%-ы - маскалардың, санитайзерлердің болмауы, қашықтықты сақтамау бойынша тіркелген. 175 өрескел бұзушылық анықталды, оның 152-сі түнгі клубтарға, сауда орталықтарына, мейрамханаларға, 23-і басқа да мерекелік іс-шараларға тиесілі, - деді Тұрғымбаев. 

Министрдің айтуынша, мобильді топтардың көмегімен  Түркістан облысында жыл басынан бері бұзушылықтар жиі тіркелуде. Өңірде 450 бұзушылық анықталған, бұл ел бойынша анықталған бұзушылықтардың 60%-ға жуығы.  

Сонымен қатар, «қызыл» аймақта орналасқан облыстардағы мобильді топтардың жұмысы әлсіз екені байқалады. Аталған топтардың жұмыс белсенділігінің төмендеуіне байланысты азаматтар адам көп шоғырланған орындарында маска режимін жиі бұза бастады. Сонымен қатар, тұрғындар арасында вирустың қауіптілігі және вакциналардың тиімсіздігі туралы жалған ақпарат тарату фактілері бар. Осыған байланысты әкімдіктер мен бас санитарлық дәрігерлерді жұмыс аясында мониторингтік мобильді топтардың жұмысын жандандырып, сауда орталықтарында, мәдени мекемелерде профилактикалық жұмыстарға баса назар аударып, осы мекемелердің иелерімен шектеу шараларын бұзуға жол бермеу туралы алдын алу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру қажет деп санаймыз, - деп толықтырды министр.
Өзгелердің жаңалығы