«ҚазАвтоЖол» АҚ басқарма төрағасы Ұлан Әліпов қызметінен босатылды

16 Сәуір 2021, 10:54
1708
Бөлісу:
«ҚазАвтоЖол» АҚ басқарма төрағасы Ұлан Әліпов қызметінен босатылды

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook-тегі парақшасында жазды. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке республикалық және жергілікті жолдардың жағдайын жақсарту жөнінде кешенді шаралар қабылдауды тапсырды. Жұмысын дұрыс атқармағаны үшін «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Ұ.Әліпов қызметінен босатылды. Барлық өңірде бюджет қаржысының жұмсалуына, көлік магистральдарының салынуына және жөнделуіне бақылау күшейтіледі. Президент алдағы уақытта аталған мәселені өзінің жеке бақылауында ұстайды, - деді ол.
 


 

Өзгелердің жаңалығы