FlyArystan әуе компаниясы Қазақстан қалаларына ұшуды бастады

1 Мамыр 2019, 12:44
3143
Бөлісу:
FlyArystan әуе компаниясы Қазақстан қалаларына ұшуды бастады
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін елорда әуежайында FlyArystan бюджеттік авиакомпаниясының алғашқы рейсінің салтанатты рәсімі өтті, деп мәлімдеді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті.

Іс-шараға «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр, ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев,«Эйр Астана» әуе компаниясының президенті Питер Фостер, FlyArystan әуе компаниясының басшысы Тим Джордан және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

FlyArystan әуе компаниясы Қазақстан қалаларына ұшуды бастады

«FlyArystan» әуе компаниясы Алматыдан Нұр-Сұлтан әуежайына 180 орындық Airbus A320 ұшағымен алғашқы рейсін орындады. Жоғары сапалы қызмет көрсету және қолжетімді рейстермен қатар, FlyArystan әуе кемесінің бортында жаңа Recaro 3530 SLIM былғарымен қапталған, 70 см-ден 82 см-ге дейін қозғалатын орындықтар орнатылған.

FlyArystan әуе компаниясы Қазақстан қалаларына ұшуды бастады

«Бүгінгі күні халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, лоукостерлер неғұрлым белсенді дамуда, олар авиажолаушылар үшін шығындары төмен тұрғысынан басымдыққа ие және өзінің өсу қарқыны бойынша классикалық авиакомпанияларды басып озады. Қазақстан бұл процестерден тысқары қалуына болмайды, сондықтан жаңадан құрылған төмен бюджетті Fly Arystan тасымалдаушысы туристік және іскерлік белсенділік есебінен халықтың ұтқырлығын арттыруға мүмкіндік береді», - деп атап өтті министр Роман Скляр.

Жолаушыларға бір бағыт бойынша 3999 теңгеден қолжетімді рейстер ұсынған FlyArystan бұрын әуе қатынасын қолданбаған жолаушылардың жаңа сегментін тартуды жоспарлап отыр.

FlyArystan әуе компаниясы Қазақстан қалаларына ұшуды бастады

«Біз Қазақстанның жас ұрпақтарына ұшудың қолжетімділігі мен мобильділігі қажет ететіндігін білеміз. «FlyArystan» бюджеттік авиакомпанияның классикалық моделіне сәйкес құрылған, өз уақытында және өз сағатында пайда болды. Ішкі және халықаралық бағыттардағы жолаушылар тасымалының айтарлықтай өсуін күтеміз. Уақыт өте келе шетелге рейстер ашуды жоспарлап отырмыз. Біз өңірлік экономикалардың серпінді өсуіне куә болып отырмыз және осы дамудың бір бөлігі болуға үміттенеміз», деді «Эйр Астана» авиакомпаниясының президенті Питер Фостер.

FlyArystan 2019 жылдың 29 наурызында Алматы-Тараз-Алматы және Алматы-Орал-Алматы бағыттарында билет сатуды ашады. Кейін Алматыдан Нұр-Сұлтанға, Қарағандыға, Павлодарға және Шымкентке билеттер сатылды. Бүгінде билет сатылымы республиканың алты қаласына ашылған.

FlyArystan әуе компаниясы Қазақстан қалаларына ұшуды бастады

Бүгінгі күні  45000-ға жуық билет сатылды, олардың 85%-ын «багажсыз» тарифтер құрайды.

Жыл соңына дейін Қазақстанның барлық өңірлерін қамту жоспарлануда. Бастапқыда рейстер Аirbus 320 типті жайлы және қазіргі заманғы 4 әуе кемесінде орындалатын болады және кейіннен 2022 жылға қарай флотты 15 әуе кемесіне дейін ұлғайту жоспарлануда. Fly Arystan ұшақтарының орташа жасы шамамен 6 жылды құрайды, ал кейінгі лайнерлерге өндіруші зауыттан тапсырыс беру жоспарлануда.

FlyArystan әуе компаниясы Қазақстан қалаларына ұшуды бастады

Жыл соңына дейін Fly Arystan 1 млн-ға дейін жолаушыны тасымалдауды жоспарлайды, бұл жалпы азаматтық авиация саласына оң әсер ететіні сөзсіз.

Сондай-ақ, болашақта Fly Arystan таяу шетелдерге (Грузия, Ресей) халықаралық авиамаршруттарды орындайтын болады.

FlyArystan әуе компаниясы Қазақстан қалаларына ұшуды бастады

Өзгелердің жаңалығы