Елімізде 20 қазаннан бастап карантин шаралары жеңілдетіледі

19 Қазан 2021, 09:47
18450
Бөлісу:
Елімізде 20 қазаннан бастап карантин шаралары жеңілдетіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. Оның айтуынша, 20 қазаннан бастап карантин шаралары жеңілдетіледі.

Министр бұл шешімге эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануы мен ведомствоаралық комиссияның вакцинацияға жататын контингенттің 70%-дан астамын екпемен қамтылуы себеп болғанын алға тартты.

Келушілер COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжатты немесе ПТР анықтамасын ұсынған кезде қарттар мен мүгедектер үйі, балалар үйі сияқты медициналық-әлеуметтік объектілердің пациенттеріне баруға рұқсат беріледі, - деді Алексей Цой.
Түнгі клубтардың қызметі тек «жасыл» мәртебесі бар адамдарға рұқсат етіледі. Алайда толымдылығы 50%-ға дейін, бірақ «жасыл аймақта» 100 адамнан артық емес, ал «сары аймақта» 70 адамнан аспауы тиіс. «Қызыл аймақта» 50 адамнан артық емес болуы шарт.
Ashyq жобасына қатысатын бизнес объектілерінің жұмыс уақыты «жасыл аймақта» сағат 03-00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшылары сағат 05-00-ге дейін, «сары аймақта» сағат 01-00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшылары үшін сағат 03-00-ге дейін ұзартылады, - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі.

Өзгелердің жаңалығы