Ел чемпионаты. "Нарын" "Адай атаны" айқын басымдықпен ұтты

21 Мамыр 2019, 14:51
2080
Бөлісу:
Ел чемпионаты. "Нарын" "Адай атаны" айқын басымдықпен ұтты
PHOTO
Фото: автордан

Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Көкпар алаңына шыққан қос команда да осал емес. Атырау облысының "Нарын" командасы мен Маңғыстау облысының "Адай ата" командалары арасындағы ойын тартысты өтті.

В тобында ойынаған қос команда да көкпардың . Әсіресе "Нарынның" жігіттері нағыз тастақым екенін танытты. Ойынның алғашқы бөлігінде-ақ есепті 4:0-ге жеткізген атыраулықтар, екінші айналымда да алаңда атой салды. 

Ел чемпионаты. "Нарын" "Адай атаны" айқын басымдықпен ұтты

Өз кезегінде "Адай ата" жігіттері де аянып қалған жоқ. Нағыз жан алысып, жан беріскен тартысты дода өтті. Екеуі де көрші өңірдің көкпаршылары болған соң, бір-бірінің сырын жақсы білетін додапаздар қапы жібермеуге барын салды.
Тартысты өткен кездесудің соңында есеп 8:1-ге жетті. Жеңіс – "Нарын" командасының қанжығасында.

Ел чемпионаты. "Нарын" "Адай атаны" айқын басымдықпен ұтты

Салым салғандар:

"Адай ата": Шынболат Ақбаев – 1 салым.

"Нарын": Айбек Болатов – 2 салым, Қайыржан Сүлейменов – 3 салым, Алмат Жүнісов – 2 салым, Александр Пупенко – 1 салым.

Естеріңізге сала кетейік, Жамбыл облысы, Бектөбе атшабарында 19-26 мамыр аралығында Қазақстан Республикасының ересектер арасында көкпардан – ХІХ, аударыспақтан – ХІХ, теңге ілуден – ХІІІ, жамбы атудан – V чемпионаты өтіп жатыр. Кешеден бері көкпар ойындары бойынша топтық кездесу ойындары жалғасып жатыр.

Ел чемпионаты. "Нарын" "Адай атаны" айқын басымдықпен ұтты

Айта кетейік, осы чемпионатта көзге түскен, жақсы ойын көрсеткен көкпаршылардан 2019 жылы қарашада Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында көкпардан өтетін ІІ Әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы жасақталатын болады.
Өзгелердің жаңалығы