Астанада бірнеше көшеге жөндеу жүргізіледі

9 Мамыр 2024, 22:18
314
Бөлісу:
Астанада бірнеше көшеге жөндеу жүргізіледі
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Көктал-1 тұрғын алабында бірнеше көшеге орташа жөндеу жүргізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жөндеу жүргізілетін көшелер:

  • Сұлукөл көшесі Еңлік-Кебек көшесінен бастап Ардагерлер көшесіне дейінгі учаскеде;
  • Ардагерлер көшесі Д. Бабатайұлы көшесіненбастап Шұғылакөшесіне дейінгіучаскеде.

Осыған байланысты қозғалыс осы жылдың 9-16 мамыр аралығында ішінара жабылатын болады, - делінген әкімдіктің хабарламасында.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Өзгелердің жаңалығы