Ресейде 4 мыңдай үй су астында қалып отыр

9 Мамыр 2024, 05:50
1970
Бөлісу:
Ресейде 4 мыңдай үй су астында қалып отыр
Фото: baq.kz

Ресейдің 18 өңірі әлі де тасқын зардабын тартып жатыр. 4 мыңдай үйді су басқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Көбі Орынбор, Қорған мен Түмен облыстарында орналасқан. Бұдан бөлек, аталған аймақтарда 17 мың жер телімі су астында қалған. 80-нен аса жол учаскесін қызыл су шайып кеткен. 8 ауылдың сыртпен қатынасы үзілген.

Төтенше жағдайлар министрлігі келтірген дерек бойынша, Тара, Тартас және Обь өзендерінің суы жақын маңдағы үйлерге жайылу қаупі бар.

Өзгелердің жаңалығы