Бурабайға демалуға барған 16 жастағы жасөспірім көз жұмды

6 Мамыр 2024, 14:45
20583
Бөлісу:
Бурабайға демалуға барған 16 жастағы жасөспірім көз жұмды
Фото: pixabay.com

Бурабайда 16 жастағы жасөспірім велосипед теуіп жүріп ағашқа соғылып, қаза болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Qazaqstantv мәлім еткендей, ол демалыс орнына сыныптастарымен бірге Астана қаласынан келгені анықталды. Кейін жалға велосипед алып, серуенге шыққан. 

Полицейлердің мәліметінше, жасөспірім жардан түсіп келе жатқан кезде рөлге ие бола алмай, ағашқа соғылған. Ауыр жарақат салдарынан ол оқиға орнында қаза тапты. 

Қазір қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Өзгелердің жаңалығы