"Бақытжанның аңқаулығы..." – Байжановтың әйелі мәлімдеме жасады

3 Мамыр 2024, 17:39
22608
Бөлісу:
"Бақытжанның аңқаулығы..." – Байжановтың әйелі мәлімдеме жасады
Фото: Жоғарғы сот

Бишімбаевтың сотында сотталушы Бақытжан Байжановтың әйелі сөз сөйледі. Ол Нүкенованың туған-туысқандарынан кешірім сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әттең, Бақытжанның аңқаулығы және ағасына деген аса құрметі... Салтанаттың жалаңаш жатқан жайын аса мән беріп қарамаған деп ойлаймын. Сондықтан жазықсыз жазаламауларыңызды өтініп сұраймын. Бақытжанда біреудің отбасының арасына түсу немесе ақыл айту деген болған емес. Оның үстіне ағасының отбасына араласу шектен шығу деп есептеймін. Менің күйеуімнің қателігі - дер кезінде Салтанатқа көмек бере алмауы, жедел жәрдемге ертерек хабарласпауы. Ағасының "Салтанат ұйықтап жатыр" деген сөзіне сеніп, бейқамдық танытқаны деп есептеймін, - деді Байжановтың әйелі.

Ол өзінің күйеуінің орнында кез келген адам болуы мүмкін екенін айтты.

Бұл біздің отбасымызға келген үлкен сынақ. Жолдасым ағасының айтқандарын жасап, мән бермей жасаған қателігі үшін кешірім сұраймын. Қазіргі таңда Бақытжанның емес, біздің отбасымыздың тағдыры шешіледі. Сіздерден әкесінің балаларға деген шексіз махаббатынан айырмауларыңызды сұраймын. Қызым жеті айлық, ол әкесін көрген емес, - деді ол.

Бұған дейін экс-министр Қуандық Бишімбаевтың анасы мәлімдеме жасады. 

Өзгелердің жаңалығы