Алматыда Жеңіс күні қалай  мерекеленеді

9 Мамыр 2024, 09:01
416
Бөлісу:
Алматыда Жеңіс күні қалай  мерекеленеді

9 мамырда сағат 09:30-да Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 79 жылдығын мерекелеу аясында 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябақта Даңқ мемориалына гүл шоқтары қойылады. 
 

ҰОС ардагерлері осы салтанатты рәсімге қатысады.

Сағат 10:00-де саябақ алаңында Жеңіс күніне арналған мерекелік концерт өтеді. Қазақстандық әртістер соғыстан кейінгі жылдардағы майдан әндері мен әуендерін орындайды.

Қала бойынша ескерткіштер мен мемориалдарға гүл шоқтары қойылады. Құрметті қонақтар қатарында - ардагерлер, тыл еңбеккерлері, қоғам қайраткерлері мен әскери қызметшілер.

Қала аудандарында Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шаралар:

Алатау ауданы:

•⁠ ⁠8 мамыр - білім беру мекемелеріндегі мерекелік іс-шаралар және ардагерлерді үйде құттықтау.

Алмалы ауданы:

•⁠ ⁠9 мамыр 12:00 - Арбатта концерттік бағдарлама

Медеу ауданы:

•⁠ ⁠9 мамыр 12:30 - 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта мерекелік бағдарлама.

Әуезов ауданы:

•⁠ ⁠9 мамыр 11:00 - Family Park саябағындағы мерекелік концерт.

Жетысу ауданы

•⁠ ⁠9 мамыр 11:00 - Гүлдер саябағындағы концерттік бағдарлама, далалық ас үй.

Наурызбай ауданы:

•⁠ ⁠9 мамыр 11:00 Шұғыла ықш., 347, амфитеатрда концерт, әскери қоян-қолтық және қару-жарақ көрмесі.

Түрксіб ауданы

•⁠ ⁠9 мамыр-С. Сейфуллин атындағы саябақта өнер ұжымдарының қатысуымен театрландырылған қойылым.

Бостандық ауданы:

•⁠ ⁠9 мамыр 11:00 - ҚР Тұңғыш Президенті саябағындағы мерекелік концерт.

Өзгелердің жаңалығы