"Не жеп пысық болады?": Олжас Сүлеймен қытайлар туралы

6 Мамыр 2024, 15:24
1997
Бөлісу:
"Не жеп пысық болады?": Олжас Сүлеймен қытайлар туралы
Фото: автордан

Бұл туралы кәсіпкер Олжас Сүлеймен Unknownkazak talks-та айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Шанхайда оқып жүрген кезімде мен “мыналар не жеп пысық болады өзі?” деп таңғалатынмын. Сол кезде “біз де соны үйренейікші” деген едім. Сөйтсем, олар білімді жеп пысық болады екен. Неге? Өйткені шетелде көрген бір мысалым, екі түрлі пробка көрдім. Біреуі – көліктердің кептелісі, екіншісі таңғы алты жарымда қаншама студенттер кітапхананың алдында тұратын 3 километрлік кезек. “Мен не деген қалып бара жатқан адаммын” деп ойладым, - деді ол.

Олжас Сүлеймен “бай мен кедейдің баласын білім теңестіреді” деген сөз рас екеніне көз жеткізгенін айтты. Ол Қытайдың Шанхай қаласында бір жұмыс орнына бәсекелестік өте жоғары екенін де атап өтті.

Шанхайда Жапонияның құрылыс компаниясында жұмыс істедім. Бәсекелестіктің жоғарылығының жай бір мысалы жұмысқа орналасу үшін 17 кезеңнен тұратын сұхбаттасудан өттім. Бір орынға 5 мыңнан аса адам таласты. Ол Қытай үшін үйреншікті, таңғалмаңыздар, - деді кәсіпкер.

Өзгелердің жаңалығы