COVID-19. Елизавета II мен герцог Филиппке вакцина егілді

10 Қаңтар 2021, 10:53
1551
Бөлісу:
COVID-19. Елизавета II мен герцог Филиппке вакцина егілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлыбритания патшайымы Елизавета II мен Эдинбург герцогы Филип коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы сенбіде Букингем сарайы хабарлады, деп жазады ru.euronews.com. 

Қазіргі уақытта Ұлыбританияда екі препарат қолданысқа енген. Бірі - америкалық Pfizer компаниясы мен немістің BioNTech компаниясының өнімі, екіншісі – Оксфорд университеті мен британдық-шведтік AstraZeneca компаниясының өнімі.

Ұлыбританияның Денсаулық сақтау министрі Мэтт Ханкок Twitter-де корольдік отбасын вакцинациялауға қуанышты екенін атап өтті. 

Әр соққымен біз бұл вирусты жеңеміз, - деп жазды ол.

Ұлыбритания коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны бойынша әлемде бесінші орында. Вакцинация науқаны елде желтоқсан айының соңында басталды. Қазіргі уақытта шамамен 1,5 миллион адам Covid-19 вакцинасының кем дегенде бір дозасын алды. Ең алдымен 80 жастан асқан қарт адамдар мен ауруханалардың медициналық қызметкерлері вакцинацияланып жатыр. 

Патшайым 94 жаста, Эдинбург герцогы 99 жаста. Олар препараттың алғашқы дозасын алды, бірақ нақты қандай препарат екенін көрсетілмеген. Инъекцияны Виндзор қамалындағы патшалықтың жеке дәрігері жасады.

Өзгелердің жаңалығы