Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ. Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың үй қамақтағы мерзімі ұзартылды. Дегенмен далаға шығуға рұқсат берілді.
Елжан Біртановқа қатысты үй қамақ түріндегі бұлтартпау шаралары 2021 жылдың 14 мамырына дейін ұзартылады. Сыртқа таңғы 8-ден кешкі 7-ге дейін шығуға рұқсат етілді, - деді судья.
Судья адвокаттың өтініші бойынша Біртанов бұлтартпау шарасын бұзбағандықтан қанағаттандырылды деп түсіндірді. «Оған әлі де жұмыс істеп «мемлекетке өз көмегін тигізуіне» болады.
Бұған дейін Біртановты отбасы мүшелері мен адвокатынан басқа адамдармен сөйлесуге толық тыйым салынған болатын. Экс-министр туыстарымен араласып тұруға рұқсат сұрады.
2020 жылдың 3 қарашасында Қаржы мониторингі комитеті Біртановтың қамауға алынғандығы туралы хабарлаған болатын. Экс-министрге бюджеттік қаражатты аса ірі көлемде ысырап етті деген күдік келтірілген еді.
Елжан Біртанов Денсаулық сақтау министрі қызметінен 2020 жылы 25 маусымда босатылды. Ол өзі пневмонияның асқынуына және емдеу қажеттілігіне байланысты жұмыстан кету туралы өтініш жазған.