Каспий жағалауынан 20-ға жуық түйенің өлексесі табылды 

21 Сәуір 2021, 16:22
1609
Бөлісу:
Каспий жағалауынан 20-ға жуық түйенің өлексесі табылды 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Каспий теңізі жағалауында (Түпқараған ауданына қарасты Көсе деген жер, ел ішінде «Досхана қорасы» аталып кеткен жер) 20-ға жуық бас түйенің өлексесі табылды.

Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл жануарлар ерте көктемде суға батып кеткен болуы керек дейді мамандар. Бүгін қатты толқын көтеріліп, жануарлардың денесін жағаға шығарып жіберген, - делінген хабарламада.
Қазір аудан әкімдігі, облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мен аудандық ветеринария стансасының қызметкерлері шұғыл іске кірісіп, өлген түйелерді жою жұмыстарын қолға алып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы