Елордалықтар қоғамдық көлікте тегін жүреді

27 Ақпан 2020, 13:05
2251
Бөлісу:
Елордалықтар қоғамдық көлікте тегін жүреді
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында "Астана LRT" ЖШС көлік компаниясының ребрендингіне және жаңа тарифтік жоспарлардың іске қосылуына арналған "Елорда көлік кешенінің дамуы: кеше, бүгін, ертең" көрме-конференциясы өтті.

​"Астана LRT" ЖШС өкілдері ребрендинг өткізудің мақсаты, қоғамдық көлік пайдаланушылар үшін жаңа тарифтер және 2020 жылға арналған жоспарларымен бөлісті.

"Астана LRT" ЖШС басқарма төрағасы Бекмырза Қайыргелдіұлы Игенбердинов компания құрылған сәттен бастап елорданың көлік кешенінің дамуы туралы мәлімдеді.  Сондай-ақ компанияның жаңа логотипі мен атауын таныстырды.

image-27-02-20-11-12-4.jpeg

"Астана LRT" - жалпы көлік кешені. Компанияның миссиясы - заманауи интеллектуалды шешімдер мен технологияларды пайдалана отырып, елорда тұрғындарының мобильділігі үшін қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау, - деді ол.
image-27-02-20-11-12-2.jpeg

​Айтуынша компания құрылған уақыттан бастап (2011 ж.) өзінің жұмыс форматын түбегейлі өзгертті – қызметі айтарлықтай кеңейді. Бүгінгі таңда "Астана LRT" интеллектуалдық көлік жүйесін, көлік тұрағы кеңістігін, жолақы төлеудің электрондық жүйесін, қоғамдық көлікті диспетчерлендіру жүйесін енгізу, дамыту және басқарумен айналысады. Сонымен қатар, жол қозғалысын ұйымдастырады, көлік ағындарын модельдейді, қоғамдық көліктегі бұзушылықтарды анықтайды, көлік мамандарын оқытады, инвестицияларды тартады және смарт-технологияларды енгізеді.

​Бүгінгі күні "Астана LRT" атауы оның барлық қызметін толық көлемде көрсетпейді. Сондықтан қала басшылығы компания атауын өзгертіп, ребрендинг жасауға шешім қабылдады.

image-27-02-20-01-10-3.jpeg

Енді компания "City Transportation Systems" деп аталатын болады. Ағылшын тіліндегі атау кездейсоқ емес. Біздің компания халықаралық ұйымы UITP – халықаралық қоғамдық көлік Одағының мүшесі. Оның негізгі міндеті - көлік тасымалдарын дамыту, пайдаланушыға бағдарлану, тұрақты даму, - деді Б. Игенбердинов.
image-27-02-20-11-23-3.jpeg

Компанияның логотипінде қоғамдық көлік бейнесі бейнеленген, ал әріптер болса жолдармен байланыстырылған. Жасыл түс тұрақты қозғалысты және алға қойылған мақсаттарға жетуді білдіреді.

​Сондай-ақ іс-шарада көлік карталарын пайдаланушылар үшін жаңа тарифтік жоспарлар іске қосылуы туралы айтылды.

image-27-02-20-11-23-5.jpeg

2020 жылғы 28 наурыздан бастап 18 жасқа дейінгі балалар атаулы көлік картасы болған жағдайда қоғамдық көлікте тегін жол жүре алады. (Картаны "Астана LRT" мамандандырылған кассасынан алуға болады). Барлық кәмелетке толмаған оқушыларға, мәртебесіне қарамастан жол жүру тегін болады.

Сонымен қатар сол күні жаңа жол жүру тарифтері іске қосылады: 1, 3, 5, 15 күндік, жол жүру тарифтері "Қала+экспресс", "Қала+экспресс+қала маңы" және басқалар. Қоғамдық көлікті пайдаланушылар үшін қолданыстағы айлық жол жүрулер де қолжетімді болады.

image-27-02-20-11-24.jpeg

Балалар үшін тегін жол жүру тасымалдаушыларға қосымша шығындарды көздейді. Дегенмен жол жүру құнының өсуі туралы сөз жоқ.
Осылайша, көлік картасын пайдаланушылар үшін келесі тарифтер қолжетімді:

image-27-02-20-01-10.jpeg

Қолданыстағы:

• Қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жол жүру төлемі (көлік карталары, SMS/QR) - 180 және 90 теңге;
• "Айлық жол жүру. Қала" - 7500 теңге;
• "Айлық жол жүру. Қала+қала маңы" - 9500 теңге;

image-27-02-20-01-10-1.jpeg

Жаңа тарифтер:

• "Айлық жол жүру. "Қала+экспресс" құны - 10 мың теңге, бұл қалалық және экспресс бағдарларда шексіз сапарларға құқық береді.
• "Айлық жол жүру. "Қала + экспресс+қала маңы" - 13 мың теңге.
• "3 айлық жол жүру" - 20 мың теңгеден;
• 1 күндік жол жүру ақысы 500 теңгеден;
• 3 күндік жол жүру ақысы 1 500 теңгеден;
• 5 күндік жол жүру ақысы 2 мың теңгеден (4+1);
• 15 күндік жол жүру ақысы 4 мың теңгеден (8+7).  

image-27-02-20-01-10-2.jpeg

Елорданың бағдарлық желісі үнемі дамып отырады. Мәселен, 2019 жылы бір қалалық және бес қала маңына қатынайтын бағдар іске қосылды, 24 бағыттағы жылжымалы құрам жаңартылды, 200-ден астам қалалық іс-шараға қызмет көрсетілді, интелектуалдық көлік жүйесінің екінші кезегінің құрылысы аяқталды және жол ақысын төлеудің электрондық жүйесі саласында көптеген жобалар іске асырылды: серіктестердің мобильдік қосымшаларын төлемге қосудан бастап өз сайтын және TRANSCARD мобильді қосымшасын әзірлеуге дейін.

2020 жылы 5 жаңа магистралды (тікелей) және 1 радиалды (айналма) бағдарларды іске қосу жоспарлануда. Бұл бағыт желісін одан әрі жаңғырту үшін негіз болады.

image-27-02-20-11-24-2.jpeg

Биыл бағдарлар саны 92-ден 105 бірлікке дейін жеткізілемек.  

Тұрғындардың қозғалысы шектеулі тобына қызмет көрсетуге ерекше көңіл бөлінеді. Сингапурлық тәжірибе негізінде автобустарды қадағалау жөніндегі қосымшаларда мүмкіндігі шектеулі халық үшін қолайлы көлікті сәйкестендіру енгізіледі.

image-27-02-20-11-24-1.jpeg

CTS серіктестері Mastercard, Halyk Bank, Rahmet App, BalaPay, Kcell, CityPass Kazakhstan, елорданың урбанистика орталығының өкілдері қоғамдық көлік саласындағы өз жобалары мен қызметтерін ұсынды.

image-27-02-20-11-23.jpeg

Өз кезегінде ұйымдастырушылар серіктестеріне алғыс хаттар табыстады.  

Халық банкі, Рахмет, CityPass Kazakhstan "Елорда көлік кешенінің дамуы: кеше, бүгін, ертең" көрме-конференциясының қатысушылары арасында бағалы сыйлықтар ұтысын өткізді.

 
Өзгелердің жаңалығы