Маңғыстаудан көне кеме қалдықтары табылды

12 Қыркүйек 2021, 21:57
23659
Бөлісу:
Маңғыстаудан көне кеме қалдықтары табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Танымал археолог Андрей Астафьев осыдан 200 жылдан астам уақыт бұрын Каспий теңізінде жүрген кеменің бекіткіш бұрандалары мен шегелерін тауып алды. 

Тарихи жәдігер Түпқараған ауданына қарасты «Түлкілі сай» жеріндегі теңіз жағалауында көміліп жатқан.     

Археологтың зерделеуінше, кеме ХVIII ғасырдың аяғында Каспий теңізінде жүзіп жүрген жерінен апатқа ұшыраған. Су құралының ағаш шантағын су шайып кеткенімен, темір бұйымдар теңіз түбінде шөгіп қала берген. Жылдар өте, теңіз деңгейінің өзгеруімен құрлыққа шығып, археолог қазып алғанша бой көрсетпеген. 

Андрей Астафьев бұл олжасын Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорына өткізді. 

Археологтың музейге табыстаған сыйлығы бұл ғана емес. Қарақабақ қалашығына археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу кезінде үңгірге тап болып, оның ішінен кендір арқан мен арқанға байланған ілмектер тапқан. Кемеге қатысты заттар екені көрініп тұр. Кемі екі ғасыр бұрын әзірленсе де, құрғақ жерде жатқандықтан жақсы сақталған.

Өзгелердің жаңалығы