Қарағандыда 3 жасар баланы өлтірген күдікті ұсталды

9 Қыркүйек 2019, 12:09
2540
Бөлісу:
Қарағандыда 3 жасар баланы өлтірген күдікті ұсталды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл туралы Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

3 жасар баланы ұрлап, артынша өлтірген қарағандылық жігіт өз қылмысын мойындады. Ведомствоның мәліметінше, жедел іздестіру аясында полиция қызметкерлері күдіктіні 9 қыркүйек күні түнгі сағат бірлер шамасында вокзал маңынан ұстаған.

Бұрын хабарлағандай, 5 қыркүйек күні Шет ауданы полиция бөліміне Бұрма ауылының 22 жастағы тұрғынынан танысы 3 жасар ұлын ұрлап әкеткендігі туралы хабарлама түскен.

"Іздестіру шараларына 600-ден астам полиция қызметкері, ұлттық ұлан, қызметтік иттері бар із кесуші кинологтар, еріктілер жұмылдырылды және квадрокоптер қолданылған", - деді баспасөз қызметінде.    

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері күдіктінің таныстары мен туыстарының мекенжайларын тексерген. 

Іздестіру шаралары кезінде Қарағанды ​​облысының Шет ауданында, Бұрма ауылының шетіндегі орман екпесінде полиция 3 жасар баланың мәйітін тапқан.

"Қазіргі уақытта Сопыжанов баланы ұрлап, артынша өлтіргенін мойындады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдіктінің айыбын дәлелдеу үшін тергеу амалдары жүріп жатыр", - деді Қарағанды облысы полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин.


Видео: zakon.kz

 


Өзгелердің жаңалығы