Словакия президентінің үйіне бомба қойылған

9 Қыркүйек 2019, 11:59
1794
Бөлісу:
Словакия президентінің үйіне бомба қойылған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Психиатриялық емхананың пациенті Словакия президенті Зузана Чапутованың үйіне жарылғыш зат қойған, деп хабарлады РИА Новости.

8 қыркүйек күні Словакия полицейлеріне ел президенті Зузана Чапутованың Братислава маңындағы үйіне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Тәртіп сақшылары тиісті шараларды қолға алып, арнайы мамандар ғимаратты тінтуге кірісті. Алайда, хабарлама жалған болып шықты.

Кейіннен бомба қойылғаны туралы хабарлаған әйел ұсталды. Ол психиатриялық емхананың пациенті екені анықталды.

Айта кетейік, бұған дейін Киев пен Одессада жаппай «бомба» қою жағдайлары көбейіп кетті. Ал Днепрде жергілікті 4 бірдей БАҚ-тың редакциясына жарылғыш зат қойылған болатын.

 



Өзгелердің жаңалығы