Мәжіліс қаржы пирамидаларына қатысты заң шығарады

25 Мамыр 2022, 12:18
1295
Бөлісу:
Мәжіліс қаржы пирамидаларына қатысты заң шығарады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс қаржы пирамидаларына қатысты заң шығарады.

Парламент Мәжілісінің депутаты Марат Құсайыновтың сөзінше, қаржы пирамидаларының қызметін бастапқы кезеңде тоқтату жоспарланып отыр.

Мәжіліс қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды күшейту және қаржы пирамидаларының қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнамаға түзетулер енгізеді.

Бұл заң жобаларын Мемлекет басшысының қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында Қазақстан Парламентінің депутаттары әзірледі. Заң жобаларының негізгі мақсаты - азаматтардың мүліктерінің қорғалуын арттыру және қаржы пирамидаларының қызметін олардың бастапқы сатысында тоқтату, − деп баяндады депутат Құсайынов.

Ол атап өткендей, заң жобалары бойынша қорытындыны 2022 жылғы 16 қарашаға дейін дайындалады.

Бұған дейін Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қаржы пирамидаларына қатысты заң әзірленіп жатқанын айтқан болатын. Енді заң әзірленіп, қабылданғаннан кейін қаржы пирамидаларының алаяқтық екенін біліп тұра жарнама жасайтын вайнерлер мен әртістер қылмыстық жауапқа тартылады.

Өзгелердің жаңалығы