Қаржы пирамидаларының алаяқтық екенін біле тұра жарнамалаған вайнерлер мен әртістер жазаланады

27 Сәуір 2022, 14:17
1281
Бөлісу:
Қаржы пирамидаларының алаяқтық екенін біле тұра жарнамалаған вайнерлер мен әртістер жазаланады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қаржы пирамидаларына қатысты заң әзірленіп жатқанын айтты. 

Сөзінше, заңда қаржы пирамидаларының алаяқтық екенін біліп тұра жарнама жасайтын вайнерлер мен әртістер қылмыстық жауапқа тартылады.

Қаржы пирамидалары - бұл үлкен, күрделі мәселе. Әсіресе біздің өңірлерде халықтың, тұрғындардың қаржылық сауатсыздығын пайдаланып, осындай алаяқтық істер жасалынып жатыр. Бұл енді бір жағынан қылмыстық іс деп айтуға болады. Себебі, сол қаржы пирамидаларының берген уәделеріне адамдар сеніп, соңғы ақшаларын апарып береді. Салдарынан қиын жағдайға ұшырап жатады, - деді Қошанов.

Мәжіліс төрағасы атап өткендей, осындан бірнеше апта бұрын қаржы пирамидасына алданған бір әйелдің өзін-өзі өртегеніне де куә болдық. 

Сол себепті бүгінде біз Парламент депутаттары, Мәжіліс депутаттары заң жобасын жасап шықтық. Оны әзірлеуге Мәжілістің депутаты Ли депутат бастама көтерген болатын. Таяу уақытта осы заң жобасы қабылданады. Оның ішінде қаржы пирамидаларына бөгет жасайтын баптар бар. Негізгісі қоғамға белгілі адамдарға, әртістердің, вайнерлердің іс-әрекеттеріне, әсіресе сол алаяқтық екенін біліп тұрып жарнама жасайтын болса, көмектесетін болса, олар қылмыстық жауапкершілікке тартылады, - деп түсіндірді ол.

Ерлан Қошанов заң жобасы осы жылы жұмысқа қабылданатынын атап өтті. 

Өзгелердің жаңалығы