Краков орталығында жаппай атыс шығарған ер адам ауруханада қайтыс болды. Бұл туралы Польша полициясы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Күдікті ұстау кезінде жарақат алған болатын. Шабуылдан кейін полицейлер оның пәтерінен ата-анасы мен қарындасының мәйітін тапты. Олардың да оқ жарақатынан қайтыс болғаны белгілі болды.
Соңғы мәліметтер бойынша, 7 қарашада болған атыс салдарынан алты адам қаза тауып, тағы 15 адам зардап шекті.
Сонымен бірге Польшаның 25 жастағы азаматы Краковтың Базар алаңында көлік ішінен өтіп бара жатқандарға оқ атқан. Бұған дейін прокуратура бұл шабуылды лаңкестік әрекет ретінде тергеп жатқаны, ал күдіктіден тінту кезінде жеті бірлік атыс қаруы мен көп мөлшерде оқ-дәрі табылғаны хабарланған еді.
Сондай-ақ ол Краковқа бара жатқанда өзімен бірге тағы төрт бірлік қару алып кеткен.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында Ұлыбритания, Аустрия, Германия, Ресей және Португалия азаматтары бар. Құрбандарды еске алу үшін Польшада жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды.