COVID-19. Еуроодақ Қазақстанға гуманитарлық көмек берді

26 Қаңтар 2021, 13:10
1387
Бөлісу:
COVID-19. Еуроодақ Қазақстанға гуманитарлық көмек берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Қазақстанға Еуропалық Одақтың (ЕО) гуманитарлық көмегін жеткізді. Осы аптада Алматы қаласына COVID-19 пандемиясымен күресте Қазақстан үкіметін қолдау шаралары шеңберінде медициналық маскалармен, халаттармен және зертханалық зерттеулерге арналған бұйымдармен 8317 кг жүк келіп түсті. 

Жүк елдің медициналық ұйымдарына басымдық және қажеттілік бойынша одан әрі бөлу үшін "Фармация" СК-ға жіберілетін болады.

Осы қиын - қыстау кезеңде барлық елдерде медицина қызметкерлеріне қолдау көрсету және ынтымақ таныту өте маңызды",- дейді ДДCҰ-ның Қазақстандағы елдік кеңсесінің жетекшісі доктор Каролин Кларинваль. "Біз Еуропалық Одаққа гуманитарлық көмектің ең  ірі доноры ретінде Қазақстан Республикасына медициналық бұйымдардың жуырдағы жеткізілімін қамтамасыз еткені үшін тағы да алғыс білдіреміз. Қазіргі уақытта қазақстандық алдыңғы қатардағы медицина қызметкерлерінің денсаулығы бірінші кезекте, - деп атап өтті доктор Кларинваль. 

COVID-19. Еуроодақ Қазақстанға гуманитарлық көмек берді

Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісі Свен-Олов Карлссон бұл Еуропалық Одақ Қазақстанға пандемиямен күресу үшін ұсынатын жаһандық көмек бағдарламасының бір бөлігі екенін айтты.

ДДCҰ-мен әріптестігіміздің арқасында Қазақстанға жеткізген гуманитарлық жүк - Еуропалық Одақ Қазақстанға пандемиямен күресу үшін ұсынатын жаһандық көмек бағдарламасының бір бөлігі. Өзара көмектің, ашықтықтың және тиімді халықаралық ынтымақтастықтың арқасында ғана, бұл дағдарысты жеңіп қана қоймай, болашақта осындай қоғамдық денсаулық сақтау жүйесіндегі туындай алатын қауіп-қатерлердің алдын аламыз деп сенемін - деді ол.

Бұл жеткізу гуманитарлық көмектің жалпы жоспарланған көлемінің бір бөлігі болып табылады - 2020 жылғы шілдеде Еуропалық Одақ Қазақстанға басты назар аударылатын Орталық Азия елдерінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған бюджеті 3 млн еуро (1.4 млрд теңге) болатын "Орталық Азия елдеріндегі COVID-19: дағдарысқа ден қою шаралары"(CACCR) ортақ көмек көрсету пакетін іске қосты.

COVID-19. Еуроодақ Қазақстанға гуманитарлық көмек берді

CACCR бағдарламасы қазіргі COVID-19 пандемиясының салдарын жеңілдету ісіне қолдау көрсетеді. Сондай-ақ бағдарлама болашақта осындай қауіп-қатерлер пайда болған жағдайда халық денсаулығына осындай қауіп-қатерлерге ден қою әлеуетін арттыру арқылы ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің ұзақ мерзімді орнықтылығын қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Өзгелердің жаңалығы