Джек Ма Қазақстанға тағы да гуманитарлық көмек жіберді

1 Мамыр 2020, 22:05
1704
Бөлісу:
Джек Ма Қазақстанға тағы да гуманитарлық көмек жіберді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыға "Джека Ма" және "Alibaba Group" қорларының гуманитарлық көмегінің екінші легі жеткізілді.

Онда 50 016 дана тест және 30 мың дана өкпені жасанды желдету аппараты бар.

Гуманитарлық жүкті медициналық мекемелер арасында тарату үшін бірыңғай дистрибьютор – "СҚ-ФАРМАЦИЯ" ЖШС қабылдап алды. ҚР Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Үкіметінің атынан "Джека Ма" және "Alibaba Group" қорларына COVID-19 індетімен күрестегі маңызды көмегі үшін алғыс білдіреді – делінген СІМ таратқан хабарламада.

Осыған дейін 2020 жылдың 10 сәуірінде белгілі қытайлық кәсіпкер елімізге 4,5 тоннадан астам медициналық қорғау құралдарын (медициналық маскалар, қорғаныс костюмдері, медициналық қолғаптар, байланыссыз термометрлер) жолдаған болатын.
Өзгелердің жаңалығы