БАӘ Қазақстанға 12 тонна гуманитарлық көмек жіберді

6 Сәуір 2020, 21:08
2810
Бөлісу:
БАӘ Қазақстанға 12 тонна гуманитарлық көмек жіберді
PHOTO VIDEO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Біріккен Араб Әмірліктері коронавируспен күресіп жатқан Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді.


Ұшақ бүгін елордадағы Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайға келіп қонды. Әуе көлігінде ешқандай жолаушы жоқ.

95B09AEB-F85E-474D-A52A-46C68C0525EF.JPEG

Қазір әлем бойынша бәрі бір-біріне көмектесіп жатыр. Біреуге антисептик, екіншісіне маска керек екені анық. Қазақстанда басқаларға көмектеседі. Осы апта соңында ол жағы белгілі болады. Нағыз достықтың белгісін көрсететін кезең. Ныю-Йоркта бір маска 20 доллар тұрады. Еуропа дәріханаларында мүлдем маска жоқ.Бұл жүктің келетіні туралы осыдан бір апта бұрын белгілі болған. Денсаулық сақтау министрлігінің тізімінде қандай құралдар қажет екені жазылған. Сол бойынша мемлекеттерге сұрау саламыз. Араб елдерінің ішінде бірінші болып БАӘ көмек қолын созды. Негізінен сол медициналық құрал-жабдықтар келіп отыр. Қолға киетін қолғаптар, медициналық бетперде, бахилия, антисептик және вирустан қорғайтын комбинезон костюм бар. Жалпы 12 тонна 600 кг жүк бар. Бұл БАӘ-нің Қазақстанға жіберген ізгілік көмегі, - дейді ҚР Сыртқы істер министрлігі Таяу, Орта Шығыс және Африка департаментінің директоры Ержан Мұқаш.

BE3DF6E6-2F45-4AC0-A941-AC434F205512.JPEG

Оның айтуынша, бұл медициналық құрал-жабдықты қабылдап алу СК-Фармацияға жүктелген.

7647296E-6726-49B1-A618-29E441BC9694.JPEG

СК-Фармация үкімет атынан ресми қабылдаушы ретінде белгіленген. Оларда мамандары бар, кімге қандай дәрі керегін жақсы біледі. 

202BE8A2-78D9-437E-986D-D4711E3E9AB6.JPEG

Қазақстанға Қытай, БАӘ, Оңтүстік Корея, Жапония, Түркия, Швейцария көмектесіп жатыр. Бізден де Ауғанстан сияқты елдер көмек сұрап жатыр. Тек медициналық құралдар ғана емес, азық-түлік жағынан да зардап шеккендер бар. Мұның бәрі үкімет деңгейінде шешіліп жатыр, - дейді министрлік өкілі.

0E43D8D2-4CBF-4781-9E44-4BE08D37A69D.JPEG

Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Мохаммад Ахмад Сұлтан Эсса Альджабердің айтуынша, екі елдің арасындағы достық қарым-қатынасы жоғары. Сондықтан қиын сәтте мұсылман елге көмектесу БАӘ басшысының шешімі болған.

6C272EE3-8884-41DC-B814-CCC41A023EB6.JPEG

Екі елдің достық қарым-қатынасы бар. Әсіресе, екі елдің көшбасшылары жақсы байланыста. Сондықтан Әбу-Дабиден 12 тоннандан астам медициналық қажетті құрал-жабдық келді. Қазақстанда Орталық Азия елдеріне көмектесіп жатады. Бізде мұсылман бауырларымызға осындай сәтте қол ұшымызды созайық деп шештік, - дейді елші.

Өзгелердің жаңалығы