2026 жылдың соңына қарай Өзбекстанға келетін шетелдік туристер саны 15 миллион адамнан асады деп күтілуде. Мұндай болжамды Шавкат Мирзиёев Паркент ауданының кәсіпкерлері және инвесторларымен кездесуде айтты.
Іс-шара барысында соңғы екі жылдағы туристік көрсеткіштердің өзгеруі туралы деректер де ұсынылды. Атап айтқанда, алыс шетелдерден келетін туристердің елде болуының орташа ұзақтығы 6,5 күннен 8 күнге дейін ұлғайды.
Сонымен қатар төлем қабілеті жоғары туристердің үлесі 14%-дан 21%-ға дейін өсіп, алыс шетелден келген бір туристің орташа шығыны 21%-ға артты.
Өзбекстан Ұлттық статистика комитетінің деректеріне сәйкес, қаңтар – қазан айларында Өзбекстанға туристік мақсатта 11 622 103 шетелдік азамат келген. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 1,9 млн адамға немесе 19,4%-ға артық.
Туристердің басым бөлігі көршілес елдерден келген. Көш басында Қырғызстан тұр – 3,18 млн адам. Одан кейінгі орындарда Қазақстан (2,7 млн) мен Тәжікстан (2,55 млн) орналасқан.
Өзбекстанға ең көп турист келген алғашқы ондыққа мына елдер де кірді:
-
Ресей – 1 104 057 адам;
-
Ауғанстан – 432 651;
-
Қытай – 430 326;
-
Түрікменстан – 289 933;
-
Түркия – 169 553;
-
Үндістан – 64 344;
-
Германия – 50 846.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев туризм саласын одан әрі дамыту тек шетелдік қонақтар санын арттыруға ғана емес, сонымен бірге қызмет көрсету сапасын жақсартуға және туристердің елде ұзағырақ болуына жағдай жасауға бағытталуы тиіс екенін атап өтті.
Айта кетейік, бұған дейін Өзбекстанда сотталғандарға жоғары білім алуға мүмкіндік берілетіні хабарланды.
Тағы оқи отырыңыз:
Өзбекстанда Орталық Азиядағы батареялары бар алғашқы жел электр станциясы салынуда
Өзбекстанда уланып қалған қазақстандық балалар елге оралды
Ташкентте Қазақстаннан барған балалардың жаппай улануына байланысты қылмыстық іс қозғалды