Ұшақ апаты: Бек Эйр-дегі жүкті қайдан алуға болады?

29 Желтоқсан 2019, 17:11
6854
Бөлісу:
Ұшақ апаты: Бек Эйр-дегі жүкті қайдан алуға болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі апатқа ұшыраған Bek Air әуекомпаниясының ұшағындағы жүктерді қайдан алуға болатынын хабарлады. 

Бек Эйр ұшағы жолаушыларының туыстары ұшақта болған жүктерді алу үшін Алматы қаласы "Майлин, 12" мекенжайында орналасқан полиция бөліміне жүгіне алады, - делінген ведоство хабарламасында. 
Бұған қоса, министрлік осы мәселеге байланысты мәлімет алуға болатын нөмірлерді ұсынды: (727) 270-34-54, 270-31-02. 

Айта кетейік, 27 желтоқсанда Алматыдан шыққан Bek Air жолаушылар ұшағы құлаған еді. Ұшақ Қызыл ту ауылында апатқа ұшыраған. Ұшақ апатына байланысты шұғыл телефон желісі ашылды. Тоқаев ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасына көңіл айтты.

Сондай-ақ, зардап шеккендерге барлық топтағы қан керегі де хабарланды. Кейіннен, зардап шеккендер мен бортта болған жолаушылар тізімі жарияланды. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты

Ауруханада тағы бір адам көз жұмып, қаза тапқандардың саны 15 адамға жетіп отыр. 

Сол апатта Informburo.kz редакторы Дана Круглова қайтыс болды. 

Болған жағдайға байланысты Bek Аir авиакомпаниясының лицензиясы тоқтатылды. 

Мемлекет басшысының бұйрығымен 28 желтоқсан еліміз бойынша қаралы күн деп жарияланды. 

Бұдан бөлек, ұшақ бортындағы экипаждардың есімдері белгілі болды. Бүгін Fokker компаниясы Bek Air ұшағының құлау себептерін анықтау мақсатында Алматыға мамандарды жіберетіні айтылды

ҚР ІІМ арнайы тексеру жүргізіп жатқандығын хабарлады. Үкімет басшысы Асқар Мамин де ұшақ апатының себебін 10 қаңтарды жариялауды тапсырған болатын. 

Қазір зардап шеккендерге көмек үшін арнайы шот ашылды.

Өзгелердің жаңалығы