Ұшақ апаты. Әзербайжан президенті қазақ халқына көңіл айтты

28 Желтоқсан 2019, 09:25
3825
Бөлісу:
Ұшақ апаты. Әзербайжан президенті қазақ халқына көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Қазақстан халқына Алматы қаласы маңында болған ұшақ апатына байланысты көңіл айтты.

Алматы маңындағы ұшақ апаты салдарынан қаза тапқан адамдар туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадық. Осы қайғыға байланысты өз атымнан және Азербайжан халқы атынан қаза болғандардың отбасыларына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Апаттан зардап шеккендер мен жараланғандардың тезірек сауығып кетуіне тілектеспіз,-делінген хабарламада. 

Қайғылы оқиға белгілі болғаннан кейін Әзербайжандағы ҚР Елшілігіне бауырлас елдің түрлі саладағы өкілдерінен, оның ішінде қоғамдық-саяси, іскер топ, сондай-ақ қарапайым жандардан көңіл айтқан хабарламалар түскен. Олар да зардап шеккендердің тезірек жазылып шығуларын тілейді. 

Бұған дейін РесейҚырғызстанӨзбекстанТүркия және Пәкістан елдерінің басшылары қайғыға ортақтасып көңіл айтқан болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыдан шыққан Bek Air жолаушылар ұшағы құлаған еді. Ұшақ Қызыл ту ауылына құлаған. 7 адам қаза тапты. Ұшақ апатына байланысты шұғыл телефон желісі ашылды.  Тоқаев ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасына көңіл айтты.

Сондай-ақ, зардап шеккендерге барлық топтағы қан керек. Сонымен қатар, зардап шеккендердің тізімі жарияланды. Сондай-ақ, бортта болған жолаушылар тізімі жарияланды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты. Ауруханада тағы бір адам көз жұмып, қаза тапқандардың саны 15 адамға жетіп отыр. Сол апатта Informburo.kz редакторы Дана Круглова қайтыс болды. Болған жағдайға байланысты Bek Аir авиакомпаниясының лицензиясы тоқтатылды. Мемлекет басшысының бұйрығымен 28 желтоқсан еліміз бойынша қаралы күн деп жарияланды. Ал ұшақ бортындағы экипаждардың есімдері белгілі болды

Өзгелердің жаңалығы