-
-
Елордалық жас гимнастшылар халықаралық турнирде топ жарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әзірбайжан астанасы Бакуде «GumKids» кіші жастағы гимнастшылар арасында онлайн халықаралық турнирі өтті.
05.08.2021
-
Елордада вакцинацияланған жастар арасында 1,5 миллион теңге ойнатылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада вакцина алатын жастар арасында 1,5 миллион теңге ойнатылады. Елордалық "Астана жастары" жастар ресурстық орталығы қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен Халықаралық Жастар күні қарсаңында "Stop COVID-19" үздік бейне-challenge байқауын ұйымдастырады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
05.08.2021
-
Ресейде Талғат Бигелдинов атындағы дәрісхана ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Воронеж қаласындағы Әскери-әуе академиясының командалық факультетінде және авиацияның жауынгерлік іс-қимылдарын қамтамасыз ету факультетінде оқитын қазақстандық әскери қызметшілер – магистратура тыңдаушыларының күшімен аты аңызға айналған ұшқыш, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры, авиация генерал-майоры Талғат Бигелдинов атындағы дәрісхана ашылды.
05.08.2021
-
Қазақстандықтар еліміздің жаңа тарихын білуге арналған онлайн-тест тапсыра алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу шеңберінде іс-шаралар навигаторы сайтында Қазақстанның жаңа тарихын білуге арналған онлайн-тест іске қосылды.
05.08.2021
-
Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды.
05.08.2021
-
Таразда әкімдік қызметкерлері жауапқа тартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тараз қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғалары карантин кезінде кедергісіз жұмыс істегені және карантин режимін бұзу фактісі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қолданбағаны үшін кәсіпкерлік субъектісінен ақша алған. Бұл туралы Антикор хабарлады.
05.08.2021
-
Қазақстандықтар жаңа көліктерді уақытша тіркей алмайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 5 тамызда кеден ақпараттық жүйесінде туындаған ақауға байланысты ҚР мамандандырылған ХҚКО-ларында жаңа автомобильдерді тіркеу уақытша тоқтатылды.
05.08.2021
-
«Дельта» штамынан бірінші кезекте кімдер зардап шегетіні айтылды
Алматы, BAQ.KZ. Коронавирустың «дельта» нұсқасы жасарды. Қазіргі кезде ол негізінен вакцина салдырмаған жастар арасында таралуда. Вирус жұқтырғандардың 37%-ы 20 мен 40 жас аралығындағы азаматтар.
05.08.2021
-
Еліміз бокстан неге алғаш рет алтын түгілі, күміссіз қалды? – спорт журналисі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Спорт журналистикасында жүргенімізге ширек ғасырға жуықтапты. Білетініміз - бір тоғыз, білмейтініміз - тоқсан тоғыз, деп жазды Есей Жеңісұлы Facebook-тегі парақшасында.
05.08.2021
-
Коронавирус: Алматыда эпидахуал ұшығып тұр
Алматы, BAQ.KZ. 2021 жылдың 4 тамыз күні қала бойынша коронавирустық инфекцияның 1570 жаңа жағдайы тіркелді, оның 1455 симптомдық белгімен және 115 симптомсыз.
05.08.2021
-
Токио-2020: Дархан Асаділов қола медаль иеленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токио Олимпиадасында каратэден алғашқы жүлдегер анықталды, деп жазады Olympic.kz.
05.08.2021
-
Жамбыл облысының 10 тұрғынына үй карантинін бұзғаны үшін айыппұл салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының 10 тұрғынына үйде оқшаулау тәртібін бұзғаны үшін айыппұл салынды.
05.08.2021
-
ҚТЖ ұжымының 70%-дан астамы ковидке қарсы екпе алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да 78 мыңнан астам қызметкер COVID-19-ға қарсы вакцинацияланды.
05.08.2021
-
Ел қоржынында тағы бір медаль. Нұрислам Санаев қола жүлдегер атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токио Олимпиадасында еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақтағы қола медаль үшін кездесулер басталды. Қазақстандық Нұрислам Санаев қола жүлдегер атанды, деп жазады Olympic.kz.
05.08.2021
-
ШҚО-да 100-ден астам инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пандемияның кедергілеріне қарамастан Шығыс Қазақстан облысының даму қарқыны жоғары. Бұл туралы аймақ әкімі облыстық мәслихаттың VII сессиясында айтты.
05.08.2021
-
Токио-2020: Данияр Қайсанов жартылай финалда тізе бүкті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еркін күрестен 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Токио Олимпиадасының жартылай финалдық белдесулер аяқталды, деп хабарлайды Olympic.kz.
05.08.2021
-
Қазақстандағы құрғақшылық: Еуроодақ елімізге 100 млн теңге көлемінде көмек көрсетпек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маусым айынан бері Қазақстанның ауқымды бөлігінде тараған құрғақшылыққа жауап қайтару үшін Еуропалық Одақ гуманитарлық көмек ретінде 200 000 еуро (100 млн теңге) көлемінде қаражат бөледі.
05.08.2021
-
Коронавирустан соң денсаулықты қалай қалпына келтіруге болады?
Алматы, BAQ.KZ. Шетелдік және отандық эпидемиологтар COVID-19 ішкі ағзаларға әсер ететінін және ауру емделгеннен кейін де сақталатынын айтады.
05.08.2021
-
Қазақстандықтар тегін оқи алатын елдер саны артты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР БҒМ бастамасымен жасалған үкіметаралық келісімдер шеңберінде қазақстандықтар тегін оқи алатын елдер саны артты.
05.08.2021
-
Мүмкіндігі шектеулі жандар жеңілдетілген теміржол билеттерін сатып ала алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 28 шілдесінен бастап мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жеңілдетілген билеттерді www.bilet.railways.kz ресми сайтынан еgov mobile-дан алынған ЖСН және әлеуметтік ID 6-таңбалы кодты енгізу арқылы онлайн сатып ала алады.
05.08.2021
Наверх