Айманов көшесіндегі учаске жөндеу жұмыстарына байланысты жабылды

16 Тамыз 2021, 14:17
1433
Бөлісу:
Айманов көшесіндегі учаске жөндеу жұмыстарына байланысты жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Нұр-Сұлтан қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының келісімімен Ш.Айманов көшесінде жол төсемін орташа жөндеу жұмыстарын бастады деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Жөндеу жұмыстары жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүргізіледі. Осыған байланысты биыл 16-20 тамыз аралығында Ш. Айманов көшесінің С.Сейфуллин көшесінен Ж. Омаров көшесіне дейінгі бөлігі көлік қозғалысы үшін ішінара жабылатын болады.
Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз, - делінген Көлік басқармасының хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы