Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік білім гранты иегерлері жоғары оқу орындарына қабылдану үшін құжаттарын 25 тамызға дейін тапсыруы тиіс. Бұл туралы БҒМ баспасөз қызметі хабалады.
Ол үшін е.Gov.kz «электрондық үкімет» порталы арқылы өтінім беру қажет. Қызмет түрі 2021 жылдың 17 тамызынан бастап қолжетімді болады.
Жоғары оқу орындарына ақылы негізде қабылдану үшін ЖОО-лардың виртуалдық қабылдау комиссияларына жүгіну қажет. Тізім БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының сайтында орналастырылған.
Оқи отырыңыз: