Мусин: Илон Маск компаниясына ұсыныс жасадық

16 Тамыз 2021, 11:46
1841
Бөлісу:
Мусин: Илон Маск компаниясына ұсыныс жасадық
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Наурыз айының басында спутниктік интернет бойынша келіссөздер жүргізу басталған еді.

Қазақстан халқын жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету жолдарын қарастырып жатырмыз, деп жазды Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Facebook парақшасында. 

Естеріңізде болса, мен наурыз айының басында спутниктік интернет бойынша келіссөздер жүргізіп жатырмыз деген болатынмын. Нәтижесінде OneWeb жаңа буынды спутник арқылы интернетті тестілеу үшін жерүсті станциясының жабдықтарын монтаждай бастады (бұл Старлинктің баламасы, геостационарлық емес спутниктер). Илон Маск компаниясына да тестілеуге қатысуға ұсыныс жасадық. Біз барынша Қазақстан халқын жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету жолдарын қарастырып жатырмыз. Тестілеудің барысы жайлы қосымша хабарлап отырамын, - деп жазды министр. 

Өзгелердің жаңалығы