Мемлекет басшысы Корея Республикасына мемлекеттік сапармен барды

16 Тамыз 2021, 17:55
1361
Бөлісу:
Мемлекет басшысы Корея Республикасына мемлекеттік сапармен барды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Мун Чжэ Иннің шақыруымен Корея Республикасының астанасы Сеул қаласына мемлекеттік сапармен келді, деп жазды Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.

Қасым-Жомарт Тоқаев пандемия басталғалы бері Оңтүстік Кореяға сапармен келген әлемдік деңгейдегі бірінші көшбасшы.

Мемлекеттік сапар бағдарламасы аса ауқымды. Ертең, 17 тамыз күні Президент Мун Чжэ Инмен келіссөз өткізу жоспарланған. Онда тараптар Қазақстан мен Корея арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі дамытудың кең ауқымды мәселелерін қарастырады. Келіссөз қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылады.

Мемлекет басшысы Корея Республикасына мемлекеттік сапармен барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Мун Чжэ Инмен бірге Корея бизнесінің жетекшілерімен кездесу өткізеді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Кореяның ұлттық батыры, өмірінің соңғы жылдарында Қазақстанда тұрған генерал Хон Бом Доны еске алуға арналған іс-шараға қатысып, Отан үшін құрбан болғандардың Монументіне гүл шоғын қояды.

Бұдан кейін Кореяның ірі компанияларының қатысуымен бірқатар екіжақты кездесу өткізеді. Сондай-ақ БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Пан Ги Мунмен жүздесу жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы