Испанияда орман өрті елді мекендерге дейін жетті

16 Тамыз 2021, 14:55
2047
Бөлісу:
Испанияда орман өрті елді мекендерге дейін жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Испанияда орман өрті өршіп тұр, деп жазды «Хабар 24». Тілсіз жау елді мекендерге дейін жеткен.

Құтқарушылар табиғат апатынан Кастельон муниципалитетінде 800-ге жуық адамды түн ортасында эвакуациялағанын айтады. От 10 мың гектар алқапты шарпыған. Қазір қызыл жалынды ауыздықтау үшін 300-ден астам өрт сөндіруші мен 21 ұшақ жұмылдырылды. 

Айта кетейік, Еуропада орман өртінің ушығуына аптап ыстық себеп болған. Қазір өңірде ауа температурасы 40 градус ыстық. Синоптиктердің болжамы көңіл көншітпейді. 

Айтуларынша, ыстық күн райы аптаның соңына дейін жалғасады. Орман өрті Иерусалимде де ырық бермей тұр. Өртті өшіруге аптап ыстық пен қатты жел кедергі келтіруде. Қызыл жалынмен жүздеген маман арпалысып жатыр. 

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Иерусалимнің батысында орналасқан бірнеше елді мекен тұрғындары шұғыл эвакуацияланды. Апаттан аймақта көлік қатынасы шектелді. Әзірге құрбан болғандар мен зардап шеккендер жайлы ақпарат жоқ.



Өзгелердің жаңалығы