Ауғанстан: Ел астанасынан кетуге тырысқан ауғандықтар ұшақтан құлаған

16 Тамыз 2021, 17:17
2010
Бөлісу:
Ауғанстан: Ел астанасынан кетуге тырысқан ауғандықтар ұшақтан құлаған
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Куәгерлер Кабул әуежайынан биікке көтерілген ұшақтан адамдардың құлап бара жатқан сәтін көрген.

Жергілікті БАҚ оқиға орнынан түскен суреттерді де жариялады. Ауғанстан астанасынан ұшып кетпекші болған бірнеше азамат ұшаққа кіре алмаған соң оның сыртына жабысып алған. Зардап шеккендердің саны белгісіз.


Телеарналардың хабарлауынша, дипломатиялық тапсырманы орындауға келген тікұшақтардың кеселінен аласапыран туып отыр. Сондай-ақ әуежайды жаңа билік басып алған. Соның әсерінен жергілікті халық үрейленуде.


Айта кетейік, Ауғанстанның әуежайынан мыңдаған адам елден қашуға тырысқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы