Ashyq: «Қызыл» мәртебесі бар 2,5 мыңнан астам адам анықталды

21 Мамыр 2021, 12:43
7496
Бөлісу:
Ashyq: «Қызыл» мәртебесі бар 2,5 мыңнан астам адам анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ashyq қосымшасы «қызыл» мәртебесі бар 2,5 мыңнан астам адамды анықтады. Бұл туралы ЦДИАӨМ Цифрлық шешімдер департаментінің директоры Бекболат Молдабеков айтты.

 

Ел бойынша «қызыл» мәртебесі бар 2,5 мыңнан астам адам анықталды. Яғни бұл вирус жұқтырған адамдар, оларда оң ПТР тесті бар. Бұл азаматтар мұны білді, бірақ олар ұшып кетуге немесе кафеге баруға тырысты. Осылайша 2,5 мың адам мекемеге кіруге тырысты, - деді Бекболат Молдабеков.

 

Департамент директоры атап өткендей, барлық бизнесте алгоритм әзірленген. ЖСН сканерлегенде немесе енгізгенде деректер бірден Денсаулық сақтау министрлігінің базасына беріледі және ПТР тест бойынша мәртебесін сұрайды.

Сонымен қатар Нұр-Сұлтан бойынша «қызыл» мәртебесіне байланысты 50 жолаушыға ұшуға рұқсат берілмеді.

Сонымен қатар бүгін Цифрлық даму министрлігі өкілі Ashyq-тың істен шыққанына қатысты түсініктеме берді.

Еске сала кетейік, вакцинаның екі компонентін де алған адамдардың мәртебесі Ashyq-та жасыл түспен белгіленеді. Олар ПТР тапсырмай-ақ жасыл шекарадан өте алады. Сонымен бірге бұл қосымшаға резидент емес тұлғалар да тіркеле алады.

«Ashyq» қосымшасы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында 10 мамырдан бастап тестілеу түрінде енгізілді.

Өзгелердің жаңалығы