Ashyq-тың істен шыққанына қатысты цифрлық даму министрлігі түсініктеме берді

21 Мамыр 2021, 11:17
2836
Бөлісу:
Ashyq-тың істен шыққанына қатысты цифрлық даму министрлігі түсініктеме берді

 

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Кеше Ashyq жүйесі уақытша істен шықты. Осыған қатысты  Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің цифрлық шешімдер департаментінің директоры Бекболат Молдабеков журналистерге түсініктеме берді.

Біз Ashyq-ты «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ серверлеріне толықтай ауыстырдық. Қазір барлық проблема толығымен шешілді. Адамдардың саны жағынан өте көп адам ағымы болғанын айту керек маңызды, сондықтан кейбір техникалық қателер болды, - деп түсіндірді ол.
 

Оның айтуынша, қосымшаны белсенді қолданушылар саны 1,6 млн адамды құрайды.

Көрсеткіш тез өсіп келеді. Барлығы «ҰАТ» АҚ-ға ауысқандықтан, ол мұндай жүктемелерге төтеп бере алады. Яғни бүгіннен бастап мұндай проблемалар болмайды. Жүйенің тыныш жұмыс істеуі үшін басқа баламалар пайда болып жатыр, - деп түсіндірді Бекболат Молдабеков. 


 

Өзгелердің жаңалығы