Вакцина алғандар Ashyq-та жасыл мәртебеге ие болады

13 Мамыр 2021, 13:41
2288
Бөлісу:
Вакцина алғандар Ashyq-та жасыл мәртебеге ие болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Ashyq жобасын іске асыру тақырыбында өткен брифингте вакцинацияланған адамдар қандай түсті мәртебеге ие болатыны туралы айтылды.

ҚР ДСМ СЭБК көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жанар Оразалинаның айтуынша, вакцина салдырған тұрғындар мәртебесі жасыл түсті болады.

 

Вакцинаның екі компонентін де алған адамдардың мәртебесі жасыл түспен белгіленеді, - деп ол журналистердің сұрағына жауап берді. 

Спикерлердің айтуынша, Ashyq қосымшасын вакцинация паспортымен біріктіру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Ол 1 шілдеге дейін интеграцияланады.

Айта кетейік, жоба іске қосылған кезден бастап «қызыл» мәртебесі анықталған пайдаланушылардың жалпы саны 1 749, «сары» пайдаланушылар 1 268-ді құрады.

Сонымен қатар «Ashyq» жобасы әуежайларға енгізілгелі өзінің тиімділігін көрсетті. Нәтижесін 8 «қызыл», 9 «сары» пайдаланушы анықталды. Бұл КВИ-мен ауырып жүргендерін біле тұра адамдардың ел ішінде жүргендерін көрсетеді.

Еске сала кетейік, «Ashyq» – бұл ел ішінде COVID-19 вирусын жұқтыру және таралу үрдісіне барынша тосқауыл болып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, карантиндік шектеулер кезінде бизнестің дамуына мүмкіндік беретін жоба.

 

Өзгелердің жаңалығы