Қарағандыда екі адамды өлтірді деген күдікпен 56 жастағы ер адам ұсталды

7 Қыркүйек 2026, 15:35
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві 7 Қыркүйек 2026, 15:35
7 Қыркүйек 2026, 15:35
158
Фото: ©BAQ.KZ архиві

Қарағандыдағы саяжайлардың бірінде екі адамды өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды.

Қарағанды облысы Полиция департаментінің мәліметінше, 6 қыркүйекте Әлихан Бөкейхан ауданындағы саяжайлардың бірінің аумағынан оқ жарақаттары бар 43 жастағы ер адам мен 55 жастағы әйелдің денесі табылды.

Аталған екі оқиға бойынша «Кісі өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалды.

«Жедел-іздестіру және тергеу шаралары барысында полиция қызметкерлері қылмыс жасады деген күдікті 56 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол мойындау көрсетпелерін берді», – деп жауап берді ведомство редакция сауалына.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Әлеуметтік желілерде тарап жатқан ақпарат бойынша, қаза тапқан ер адам саяжайлар бірлестігінің төрағасы әрі заңгер, ал әйел жергілікті қоғам қайраткері болған.

Сондай-ақ жанжалдың туындауына қоғам төрағасы қызметіне байланысты дау себеп болуы мүмкін деп болжайды. Бұл ресми түрде әлі расталмаған.

Полицияда оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Наверх