Түркістан облысында түнде әйелге шабуыл жасап, телефонын тартып алғандар ұсталды.
Полиция BAQ.KZ сауалына жауап беріп, оқиғаның болғанын растады.
Белгілі болғандай, Леңгірде түнгі уақытта белгісіз екі адам жергілікті тұрғынның үйіне кіріп, дене жарақатын келтірген. Содан кейін ұялы телефонын алып кеткен. Оқиға орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желілерде тарады.
Криминалдық полицияның тәжірибелі қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралар кешенін жүргізіп, күдіктілердің жеке басын және орналасқан жерін анықтады. Нәтижесінде Төле би ауданының екі тұрғыны ұсталып, қамауға алынды. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысы Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында, - деп хабарлады Төле би аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Азат Мұсырманқұлов.
Еске салайық, бұған дейін Кентауда адамдар арасында «маньяк жүр» деген қауесет тарап, полиция мән-жайды анықтады.
Тағы оқи отырыңыз:
Алматы облысында жанжалдан кейін ер адамды пышақтап кетті
Талапкердегі қыздарды «орманға алып қашу» оқиғасы: Полиция ресми мәлімдеме жасады
14 жыл бұрынғы қылмыс ДНҚ сараптамасы арқылы ашылды