Қызылорда облысының Арал ауданында тұрмыстық жанжал кезінде учаскелік полиция инспекторы дене жарақаттарын алып, көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қызылорда облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға болған кезде полиция қызметкері еңбек демалысында жүрген.
Арал ауданында тұрмыстық жанжал барысында учаскелік полиция инспекторына дене жарақаттары салынып, соның салдарынан ол қайтыс болды. Оқиға кезінде қызметкер еңбек демалысында болған», – деп хабарлады ведомство.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің жеке басы анықталып, қазіргі уақытта оны ұстауға бағытталған шаралар қабылданып жатыр.
Полиция мәліметінше, күдікті бұған дейін отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтары үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Әкімшілік хаттамаларды қаза болған учаскелік инспектор толтырған. Сондай-ақ күдіктіге қатысты қорғау нұсқамалары шығарылған.
Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.