Ұшақ апаты. Тоқаев көңіл айтқан мемлекет басшыларына ризашылық білдірді

28 Желтоқсан 2019, 13:49
6624
Бөлісу:
Ұшақ апаты. Тоқаев көңіл айтқан мемлекет басшыларына ризашылық білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңындағы ұшақ апатынан қаза болған азаматтарға көңіл білдіріп, жеделхат жолдаған шетел басшыларына ризашылығын білдірді.

Алматы маңындағы ұшақ апаты салдарынан болған азаматтардың қазасына байланысты көңіл айту жеделхаттарын жолдап, тілектестік білдірген барлық мемлекет басшыларына алғыс айтамын - деп жазды мемлекет басшысы өзінің твиттердегі парақшасында.

Бұған дейін РесейҚырғызстанӨзбекстанТүркия және Пәкістан мен Әзербайжан елдерінің басшылары қайғыға ортақтасып көңіл айтқан болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыдан шыққан Bek Air жолаушылар ұшағы құлаған еді. Ұшақ Қызыл ту ауылына құлаған. 7 адам қаза тапты. Ұшақ апатына байланысты шұғыл телефон желісі ашылды.  Тоқаев ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасына көңіл айтты.

Сондай-ақ, зардап шеккендерге барлық топтағы қан керек. Сонымен қатар, зардап шеккендердің тізімі жарияланды. Сондай-ақ, бортта болған жолаушылар тізімі жарияланды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты. Ауруханада тағы бір адам көз жұмып, қаза тапқандардың саны 15 адамға жетіп отыр. Сол апатта Informburo.kz редакторы Дана Круглова қайтыс болды. Болған жағдайға байланысты Bek Аir авиакомпаниясының лицензиясы тоқтатылды. Мемлекет басшысының бұйрығымен 28 желтоқсан еліміз бойынша қаралы күн деп жарияланды. Ал ұшақ бортындағы экипаждардың есімдері белгілі болды. Бүгін Fokker компаниясы Bek Air ұшағының құлау себептерін анықтау мақсатында Алматыға мамандарды жіберетіні айтылды. Және ҚР ІІМ арнайы тексеру жүргізіп жатқандығын хабарлады. Үкімет басшысы Асқар Мамин де ұшақ апатының себебін 10 қаңтарды жариялауды тапсырған болатын.

Өзгелердің жаңалығы