Сайлауқызы Сәулекүл
Қазіргі лауазымы: Қазақстанның Мароккодағы елшісі
Туған жылы: 1968 жылы 22 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген
Білімі: Алматы педагогикалық шет тілдер институтын, ҚР СІМ Дипломатиялық Академиясын бітірген
Өзінің еңбек жолын 1992 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде француз тілінің оқытушысы болып бастаған.
1993 жылы СІМ-дегі аудармашылықпен қамтамасыз ету бөлімінің референті ретінде дипломатиялық қызметке ауысады. СІМ Орталық аппаратында түрлі қызметтерді атқарып, Қазақстанның Франция, Израиль, Бельгия және Вьетнамдағы елшіліктерінде жұмыс істеді.
2012-2015 жылдары ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы жанындағы Дипломатия институтын басқарды.
Қазақстанның Мароккодағы Елшісі лауазымына тағайындалғанға дейін ҚР СІМ Таяу, Орта Шығыс және Африка департаменті директорының орынбасары болды.
2021 жылдан бері Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі
ІІ сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесіне ие.
- Ержан Егембердиев: Жаңа Азаматтық кодекс азаматтарға түсінікті болуы керек 13:38
- Қазақстанда электр тарифі қымбаттай ма? Министр жауап берді 13:30
- Ғылым саласындағы аудиттен кейін жауапты тұлғалар қызметінен босатылған 13:22
- Ғылым азаматтардың өмірін жақсартуға нақты үлес қосуы керек – Дәдебай 13:15
- Қазақстан Қытай мен Жапонияны басып озды: Әлем бойынша интернет рейтингінде еліміз нешінші орында? 13:14
- Қазақстанда шәкіртақы 500 мың теңгеге дейін өседі 13:12
- Алматы бір түнде әлемдегі ауасы ең таза қалалардың қатарына қосылды: Бұған не себеп? 13:03