Саудабаев Қанат Бекмырзаұлы
Қазіргі лауазымы:
Туған жылы: 1946 жыл
Білімі: Ленинград мемлекеттік мәдениет институтын, Қоғамдық ғылымдар академиясын (Мәскеу қаласы) бітірген.
Саяси ғылымдар докторы. Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесі бар. Ағылшын және түрік тілдерін меңгерген.
Институтты бітіргеннен кейін мамандығы бойынша Мәдениет министрлігі саласында жұмыс істеді. Мемлекеттік кинематография жөніндегі комитеттің, Мәдениет жөніндегі мемлекеттік комитеттің төрағасы болды.
1991 жылы бастап дипломатиялық жұмыста — Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы өкілетті өкілі, Түрік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елші, Сыртқы істер министрі, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елші, Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы — Үкімет мүшесі болып тағайындалған.
2007 жылы Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарында Төтенше және Өкілетті Елшісі, және Қазақстан Республикасының Канадада Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарушы.
2007 жылы мамырдың 15 — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы.
«Назарбаев орталығы» көпсалалы ғылыми-талдау және гуманитарлық-ағарту мемлекеттік мекемесінің директоры
2015-2016 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болды
- Астанада 12 автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгертілді 00:33
- Азиада-2026: қазақстандық спортшылардың 27 қыркүйектегі жарыс кестесі 26.09.2026
- Астанада 12 автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгертілді 26.09.2026
- Қазақстандық спортшы парадзюдодан әлем чемпионы атанды 26.09.2026
- Астанада жасөспірім аялдамаға зақым келтіргені үшін жауапқа тартылды 26.09.2026
- Үсік, тұман және найзағай: 27 қыркүйекте барлық өңірде дауылды ескерту жарияланды 26.09.2026
- Жезқазған вокзалының аумағы жаңғыртудан кейін төрт есеге ұлғайды 26.09.2026