Сапарбеков Олжас Сапарбекұлы
Қазіргі лауазымы: ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары
- Туған жері: 1979 жылы 29 қарашада Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласында дүниеге келген.
- Білімі: 2001 жылы М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын «Инженер-экономист» мамандығы бойынша, сондай-ақ 2014 жылы Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2001 жылы «ТемиртрансСервис Қазақстанда» ЖШС менеджерінен бастады.
«Хромтау-Алтынсарин темір жол желісінің құрылысы және уақытша пайдалану дирекциясы» ЖАҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Ресей-Қазақстан бірлескен кәсіпорны Интер Трансагрупп» ЖШС, «Локомотив» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп-Демеу» ЖШС жұмыс істеді.
Квазимемлекеттік секторда, оның ішінде «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасында түрлі басшылық қызметтерді атқарды.
2019 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы болып жұмыс істейді.
ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалғанға дейін Қостанай облысы әкімдігінің Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы қызметін атқарды.
- Астанада 12 автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгертілді 00:33
- Азиада-2026: қазақстандық спортшылардың 27 қыркүйектегі жарыс кестесі 26.09.2026
- Астанада 12 автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгертілді 26.09.2026
- Қазақстандық спортшы парадзюдодан әлем чемпионы атанды 26.09.2026
- Астанада жасөспірім аялдамаға зақым келтіргені үшін жауапқа тартылды 26.09.2026
- Үсік, тұман және найзағай: 27 қыркүйекте барлық өңірде дауылды ескерту жарияланды 26.09.2026
- Жезқазған вокзалының аумағы жаңғыртудан кейін төрт есеге ұлғайды 26.09.2026