Салжанов Исламбек Төлеубайұлы
Қазіргі лауазымы: Ұлттық құрылтай мүшесі
Туған жылы: 1969 жылы 6 қазан
Туған жері: Ақтөбе облысының Қобда ауданында, Жиренқопа ауылында дүниеге келген.
Білімі: 1986 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтына оқуға түседі. Институтты 1993 жылы «Емдеу ісі» мамандығы бойынша Хирург ретінде бітіріп шығады.
1993 – 1997 Қазақ мемлекеттік басқару академиясының жанындағы Нарық институты, «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша. Экономист.
2003 – 2005 Ресей Федерациясы Үкіметінің жанындағы Халық шаруашылығы академиясының Бизнес және іскерлік әкімшілік институты, Мәскеу қ., «Маркетинг және сауданы басқару» мамандығы бойынша, МВА дипломы
2011 – 2012 Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі, Дьюк Университетінің (АҚШ) Стэнфорд мемлекеттік саясат мектебімен серіктес.
1993 – 1998 «Мақсат Капитал» ШЖК-ның құрылтайшысы және директоры, Ақтөбе қ. (делдалдық қызмет және мұнай өнімдерінің көтерме саудасы)
1998 – 2000 «AKZHOL» қазақстан-герман бірлескен кәсіпорнының тең құрылтайшысы және директоры, (Батыс Қазақстанда ЖҚС желісін және терминалдың құрылысын жүргізу және оны іске қосу) (кәсіпорынның екінші тең құрылтайшысы - S.E.T.Select Energy GmbH компаниясының президенті Туре фон Валь мырза)
2000 – 2001 «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның еншілес кәсіпорны «Казахойл-Продактс» ЖШС-нің директоры («ҚазМұнайГаз» ЖҚС салу және оның жұмысын жүргізу)
2001 – 2004 «AKZHOL» компаниялар тобының құрылтайшысы және бас директоры, Актобе қ.
2004 жылдан «Алтын Қыран» компаниялар тобының құрылтайшысы және бас директоры, Астана, Ақтау және Атырау қалалары
2018-2019 жылдары Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары
2020 жылдан бері Ұлттық құрылтай мүшесі
- Англияда мектеп формасына жаңа талап енгізіледі 12:33
- Қылмыстық топ Қазақстанда ұсталып, 2 аптада елге қайтарылды: Оңтүстік Корея президенті Тоқаевқа алғыс айтты 12:24
- Теңге нығайса да, халықтың қалтасы неге жеңілдемеді? – Экономист түсіндірді 12:10
- Алматы дәрігерлері тоғызыншы қабаттан құлаған әйелдің өмірін сақтап қалды 11:51
- Арзан азық-түлік, әділ тариф, қолжетімді баспана: «Ауыл» партиясы не ұсынады? 11:39
- Шала піскен еттен де жұғуы мүмкін: Дәрігер сібір жарасынан сақтану жолдарын атады 11:29
- Ұлан Байболов Кореядан Қазақстанға жеткізілді: 2,5 млрд теңгеден астам қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылған 11:23