Сақыпкереев Асқар Жоламанұлы
Қазіргі лауазымы:
Туған жылы: 1958 жылы 02 қараша
Туған жері: Солтүстiк Қазақстан облысы Сергеевка ауданының Марьевка ауылында туды.
Білімі: Целиноград ауыл шаруашылығы институтын,
Алматы саясаттану және басқару институтын,
Қазақстан-Ресей университетiн «ғалым-агроном», «саясаттанушы», «юриспруденция бакалавры» мамандықтары бойынша тамамдаған.
Еңбек жолын 1981 жылы Булаев ауданы Қарақоға кеңшарында агроном-тұқым өсiрушi болып бастады.
Әр жылдары Булаев аудандық комитетiнiң және Солтүстiк Қазақстан облыстық комсомол комитетiнiң екiншi, бiрiншi хатшысы, сондай-ақ «Интер» шағын кәсiпорны директорының орынбасары, ғылыми-өндiрiстiк еңбек биржасы директорының орынбасары қызметiн атқарды.
1994-2004 жылдары әртүрлi коммерциялық ұйымдарды басқарды.
2004-2017 жылғы ақпан аралығында Солтүстiк Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасының басшысы болып қызмет еттi.
2017 жылғы 1 наурыздан бастап Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң орынбасары болып тағайындалды.
2021 жылы зейнет демалысына шықты
Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен, «Ерен еңбегi үшiн» медалiмен, «Қазақстан тәуелсiздiгiне 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан тәуелсiздiгiне 25 жыл» мерекелiк медальдарымен марапатталған.
- Қазақстандықтар бала дүниеге келмей тұрып ДНҚ сараптамасынан өте алады 15:31
- "Балалар еденде ұйықтаған": Депутат жазғы лагерьлерді сынға алды 15:20
- Депутат міндетті сақтандыру жүйесіне реформа жасауды ұсынды 15:11
- Қазақстандық балмұздақ шетел нарығын бағындырып жатыр 15:00
- Автосақтандыру: Енді жолда тәртіп бұзған жүргізуші көп төлейді 14:52
- Ұлытау облысында директор ақыл-есі кем туысын мектеп автобусының жүргізушісі етіп жұмысқа алған 14:44
- Ауыр хәлдегі екі айлық сәби Таиландтан Алматыға шұғыл жеткізілді 14:36