Сәрсембаев Қанат Маратұлы
Қазіргі лауазымы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің аппарат басшысы
Туған жылы: 10 шілде 1978 жыл
Туған жері: Шымкент қаласы.
Білімі: әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін екі шет тілінде халықаралық құқық, заңгер мамандықтары бойынша тәмамдаған,
Заң ғылымының кандидаты.
Еңбек жолын 1998 жылдан «Дәнекер» халықаралық құқық және халықаралық бизнес институтының заңгері, қызметінен бастады.
2000 - 2002 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер министрлігінің Заң департаменті құқықтық сараптама басқармасының құқықтық мәселелер және құқықтық түсіндірулер жөніндегі даулар бөлімінің бас маманы болып еңбек етті.
2002 - 2005 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Заң шығару және құқықтық сараптама бөлімінің бас сарапшысы болды.
2005 - 2011 жылдары Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі құқықтық сараптама бөлімінің меңгерушісі болып еңбек етті.
2011 - 2015 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы болып жұмыс істеді.
2015-2017 жылдары Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының әкімі болды.
2017-2019 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы
2019-2021 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы
2021 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің аппарат басшысы.
- Англияда мектеп формасына жаңа талап енгізіледі 12:33
- Қылмыстық топ Қазақстанда ұсталып, 2 аптада елге қайтарылды: Оңтүстік Корея президенті Тоқаевқа алғыс айтты 12:24
- Теңге нығайса да, халықтың қалтасы неге жеңілдемеді? – Экономист түсіндірді 12:10
- Алматы дәрігерлері тоғызыншы қабаттан құлаған әйелдің өмірін сақтап қалды 11:51
- Арзан азық-түлік, әділ тариф, қолжетімді баспана: «Ауыл» партиясы не ұсынады? 11:39
- Шала піскен еттен де жұғуы мүмкін: Дәрігер сібір жарасынан сақтану жолдарын атады 11:29
- Ұлан Байболов Кореядан Қазақстанға жеткізілді: 2,5 млрд теңгеден астам қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылған 11:23