Рүстемов Руслан Рүстемұлы
Қазіргі лауазымы: Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының басшысы
Туған жылы: 1968 жыл
Туған жері: Қызылорда облысы Қармақшы ауданында туған.
Білімі: Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «филолог, қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы»,
«Болашақ» университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1994 жылы Қызылорда педагогикалық институтының қазақ әдебиеті кафедрасының стажер-оқытушысы болып бастаған.
1997-2002 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің аппаратында маман, консультант, Қызылорда қаласы әкімінің баспасөз хатшысы, Қызылорда қалалық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, Қызылорда қаласы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған.
2002-2008 жылдары Қызылорда облыстық мәдениет басқармасы бастығының орынбасары, Қызылорда облысы әкімі аппаратының әлеуметтік-саяси бөлімінің меңгерушісі,
2008-2010 жылдары Шиелі ауданы әкімі аппаратының жетекшісі, Шиелі ауданы әкімінің орынбасары,
2010-2015 жылдары Қызылорда облысының тілдерді дамыту басқармасының басшысы, екі мәрте ішкі саясат басқармасын басқарған, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары лауазымында қызмет еткен.
2015-2016 жылдары Жаңақорған ауданының әкімі.
2016-2020 жылдары Қызылорда облысының әкімінің орынбасары.
2020-2022 жылдары Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының әкімі
2022 жылдан бері Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының басшысы
- Венесуэладағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны күрт өсті 00:35
- Елімізде бір күнде 3 орман өрті тіркелді 27.06.2026
- Қазақстан академиялық ескек есуден Әлем кубогы кезеңінде қола жүлдегер атанды 27.06.2026
- Жер сілкінісінен кейін мамандар арнайы тексеріс жүргізді 27.06.2026
- Алматыда тұрғын үйден өрт шықты 27.06.2026
- Жексенбіде барлық өңірде дауылды ескерту жарияланды 27.06.2026
- Ашық есік күні онкологиялық орталықтарда 30 адамнан қатерлі ісік анықталды 27.06.2026