Абай облысының Жарма ауданында боран салдарынан жолда қалған адамдарға көмек көрсетілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Жаңғызтобе ауылы маңында жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойғаны туралы хабарлама 112 қызметіне түскен.
Оқиға орнына бірден жеткен құтқарушылар көлікті тауып, ішінде болған екі адамды, оның ішінде бір баланы, қардан шығарып алды. ТЖМ мамандары оларды қауіпсіз жерге жеткізіп, әрі қарай жақын маңдағы кэмпингке дейін шығарып салған.
Министрлік өкілдерінің айтуынша, зардап шеккендерге медициналық көмектің қажеті болмаған.